Үкімет пен Парламенттің алдында пикеттер өткізуге болады

871

Бұл туралы жуырда ғана Президент қол қойған "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру" туралы заңында жазылған.  

Үкімет пен Парламенттің алдында пикеттер өткізуге болады

Енді Үкімет пен Парламенттің алдында да плакат ұстап пикеттер өткізуге болады, деп хабарлайды Atameken Business.

Құжатта оларды өткізудің тәртібі нақты көрсетілген. Мәселен, енді жиынды ұйымдастырушылар шарадан 5 күн бұрын хабар беріп, әкімдіктің келісімінсіз өткізе алады. Ал жергілкті билік 3 күннің ішінде қарап, жиынды заңсыз деп тапса тыйым салуға құқылы. Алайда, шектеу үшін айтарлықтай себеп пен дәлел келтірілуі керек. Наразылықтар мен шерулер үшін 10 күн бұрын ескерту қажет, әкімдік 7 күнде қарап, жауабын айтуға міндетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу