Үкімет пен Ұлттық банк аграрлық секторды қалай қолдайды

781

Бұл туралы бас банк пен үкімет бүгін бірлескен мәлімдеме жасады.  

Үкімет пен Ұлттық банк аграрлық секторды қалай қолдайды

Үкімет пен Ұлттық банк ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді және бүкіл аграрлық секторды қолдаудың қосымша іс-шаралар пакетін дайындады, деп хабаралйды .

ҚазАгро холдингінің талаптарын қайта құрылымдау және долларсыздандыру, АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жаңа құралдарын пайдалану арқылы кәсіпорындарға түсетін борыштық жүктемелерді азайтып, олардың борыштық ауыртпалықтарын жеңілдету жоспарланған.  

"Цеснабанк" "Агробизнес 2020" бағдарламасы мен кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалардың жобаларын іске асыруға белсенді атсалысып келеді. Оның үлесіне саланы несиелендірудің 65% астамы тиесілі. Сол себептен, "Цеснабанк" "ҚазАгро" холдингімен бірлесе отырып, берілген валюталық несиелер мен қарыздарды қайта қаржыландыруды және олардың мерзімдерін ұзарту мәселесін қолға алды. 

Бұл жұмыстар аясында үкімет пен Ұлттық банк "Цеснабанктен" 450 млрд теңгеге ауыл шаруашылығы несиелер портфелін сатып алу тетіктерін пысықтауда. Бұл банктен қарыз алушы агроөнеркәсіптік сектор кәсіпорындарын қаржылық сауықтыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ "Цеснабанктің" қаржылық тұрақталығын нығайтады. "Цеснабанктің" акционерлері банкті капиталдандыру арқылы жеке қаражаттары есебінен қарыз алушыларды сауықтыруға қатысады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу