Үкімет пен Ұлттық банк теңгерімді тариф қалыптастыруға тырысады

636

Ұлттық банк үкіметпен бірлесіп, 2022 жылы инфляцияны 4-6% нысаналы дәлізге қайтаруға айрықша көңіл бөледі. Бұл туралы үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Үкімет пен Ұлттық банк теңгерімді тариф қалыптастыруға тырысады

"Инфляцияны 2022 жылы нысаналы дәлізге қайтару бойынша жолдауда қойылған міндеттерді тиімді түрде шешу үшін 2021-2023 жылдарға арналған инфляцияға қарсы әрекет ету шараларының кешені әзірленіп, келісудің соңғы сатысында тұр. Макроэкономикалық саясатты үйлестіру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған келісіммен бірге бұл шаралар инфляцияның азық-түлікке жататын және азық-түлікке жатпайтын бөліктерінің монетарлық емес факторларын айтарлықтай төмендетуді қамтамасыз етуге, ортамерзімді негізде болжамды және теңгерімді тарифтік саясат қалыптастыруға тиіс", – деді Ерболат Досаев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу