Үкімет пен Ұлттық банктің бірлескен іс-қимыл жоспары әзірленеді

1213

Тікелей инвестициялар үшін қолайлы орта қалыптастырылады. 

Үкімет пен Ұлттық банктің бірлескен іс-қимыл жоспары әзірленеді

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің мәлімдеуінше, жаңа жоспар 
экономика салаларын қолдаудың қосымша шараларын жүзеге асыру үшін қажет. 

"Мемлекет басшысы экономика салаларын қолдаудың қосымша шаралар пакетін қалыптастыру жөнінде тапсырма берді. Осы тапсырманы орындау үшін үкімет пен Ұлттық банктің бірлескен іс-қимыл жоспары қалыптастырылады. Жоспар жобасы экономикалық саясат жөніндегі кеңесте қарастырылып, мақұлданған жағдайда бекітілед", – деді үкімет отырысында Руслан Дәленов.

Министрдің мәлімдеуінше, тікелей инвестициялар үшін қолайлы орта қалыптастыру мақсатында стратегиялық инвесторлар үшін тұрақты шарттарды сақтау қажет. Осы үшін заңнамаға өзгеріс енгізіліп, мәжілістің қарауына жолданады. 

"Мемлекеттік компаниялардың бюджетке дивидендт төлеуін тұрақты негізде арттыру мәселесі зерделенеді. Жүргізілген талдау негізінде тиісті нормативтік құқықтық акт әзірленеді", – деді ұлттық экономика министрі.

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу