Үкімет пен Ұлттық банктің міндеті – инфляцияны 10%-дан төмен деңгейде ұстап тұру

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты.

Үкімет пен Ұлттық банктің міндеті – инфляцияны 10%-дан төмен деңгейде ұстап тұру Фото: Үкімет

Оның сөзінше, Қазақстанның төлем балансы көрсеткіштері жақсарған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында экспорттың озық қарқынмен өсуі нәтижесінде ағымдағы шотта $2,4 млрд профицит қалыптасқан. Өткен жылдың ұқсас кезеңінде $3,6 млрд тапшылық тіркелген болатын. 

Премьер-министр экономикалық өсім барынша теңгерімді әрі сапалы сипат алып келетінін, бұл еліміздің өндірістік әлеуетін одан әрі кеңейту үшін негіз қалыптастырып отырғанын атап өтті.

Олжас Бектенов осы орайда инфляциялық қысымды төмендету шараларына ерекше назар аударып отыр. 

– Үкімет пен Ұлттық банктің үйлесімді жұмысы инфляциялық қысымды төмендетуге мүмкіндік берді. Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша жылдық инфляция баяулап, 9,3%-ды құрады. Биыл басты міндет – инфляцияны 10%-дан төмен деңгейінде ұстап тұру, – деді ол. 

Жалпы алғанда, экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету бойынша одан әрі шаралар қабылдау қажеттігі айтылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу