Үкімет резервінен компьютер сатып алуға 70 млрд теңге жұмсалады

637

Қосымша қаржылық қажеттілік 300 млрд теңгені құрауы мүмкін. 

Үкімет резервінен компьютер сатып алуға 70 млрд теңге жұмсалады

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов келесі жылы  Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға қанша ақша жұмсалатынын жариялады. 

"2021 жылдың бюджетінде жолдаудағы Президент тапсырмаларын орындауға 1,6 трлн теңге қарастырылған. Бірінші кезекте медицина қызметкерлерінің, мұғалімдердің еңбекақысын көтеру, шағын және орта бизнестің несие бойынша пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау, республикалық маңыздағы жолдардың құрылысы, "Ауыл – Ел бесігі" бағдарламасы аясындағы жобалар сондай-ақ басқа да бағыттарға арналған шығыстар ескерілген", – деді вице-премьер. 

Оның сөзінше, биыл республикалық бюджеттен 13 жаңа инфекциялық аурухананың құрылысына 30 млрд теңге бөлінеді. Үкімет резервінен табысы аз отбасылардың балалары үшін компьютер сатып алуға 70 млрд теңге жұмсалады. 

"Қазір 2020 жылғы бюджетті нақтылау аясында қосымшы шығыстарды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр", – деді Әлихан Смайылов. 

Премьер-министрдің бірінші орынбасарының айтуынша, алдын ала есептеу бойынша биыл қосымша қаржылық қажеттілік шамамен 300 млрд теңгені құрауы мүмкін. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу