Үкімет резервінен орман өрттерінің алдын алуға 1,2 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр

543

Оның басым бөлігі ормандарды өрттен авиациялық қорғау үшін қосымша ұшу сағатын сатып алуға бағытталады. 

Үкімет резервінен орман өрттерінің алдын алуға 1,2 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр Фото: ҚР ТЖМ

Экология және табиғи ресурстар министрлігі "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" қаулы жобасын әзірледі, деп жазады inbusiness.kz.

Құжатқа сәйкес Экология және табиғи ресурстар министрлігіне 2023 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Үкімет резервінен 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді.

Оның ішінде 939,37 млн теңге ормандарды өрттен авиациялық қорғау үшін қосымша 923 ұшу сағатын сатып алуға жұмсалмақ.

Ал 261,25 млн теңге Абай облысында ірі өрттерді сөндіру кезінде жұмыс істемейтін жағдайға жеткен өрт және трактор техникасын жөндеуге, жанар-жағармай материалдарын сатып алуға бағытталатын болады.

Құжатты жария талқылау 22 тамызға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу