Үкімет сәбіз экспортына шектеу енгізу жоспарынан бас тартты

247

Былтыр республикада 411,9 мың тонна сәбіз жиналған.

Үкімет сәбіз экспортына шектеу енгізу жоспарынан бас тартты Фото: canva.com

Үкімет сәбіз экспортына тыйым салуға қатысты депутаттық сауалға жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атқарушы билік ішкі нарықты азық-түлікпен қамтамасыз ету және баға тұрақтылығын сақтау мақсатында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін жан-жақты қолдау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Ресми ақпаратқа сүйенсек, 2025 жылдың қорытындысы бойынша жалпы 3,8 млн тонна көкөніс жиналды, соның ішінде 411,9 мың тоннасы – сәбіз. Бұл көлем ішкі нарықты толық қамтамасыз етуге және өнімнің бір бөлігін экспортқа шығаруға жеткілікті екендігі айтылған. 

"Ішкі нарықтың жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілуіне байланысты сәбіз экспортына шектеулер енгізбеу туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта өндірушілер өнімді сыртқы нарықтарға кедергісіз өткізу мүмкіндігіне ие. Сонымен қатар, халық үшін өнімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Үкімет жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп баға белгілеуді реттеу бойынша кешенді шараларды іске асыруда. Мәселен, бағаның өсуін тежеу және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының, соның ішінде сәбіздің баға белгілеу тізбегіндегі тиімсіз делдалдарды жою үшін делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі өңірлік комиссиялар осындай қатысушыларды анықтау және жою бойынша жұмысты жалғастыруда", – делінген Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің жауабында.

Айта кету керек, бұған дейін депутат сәбіз экспортына шектеу қою туралы ұсынысты сынға алғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу