Үкімет Семейдегі жылу желілерін жаңғыртуға 16,3 млрд теңгеден астам қаржы бөлді

523

Өңірдегі жылу желілерінің 68%-ы тозған.

Үкімет Семейдегі жылу желілерін жаңғыртуға 16,3 млрд теңгеден астам қаржы бөлді Фото: ABAI AQPARAT

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды. 

Семей қаласының коммуналдық инфрақұрылымын жөндеуге ҚР Үкіметінің резервінен 16,3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семей қаласының жылу желілерінің ұзындығы 322 шақырым, оның 68%-ы тозған. Кей бөліктердегі жылу желілері 100% тозған (1966 жылы іске қосылған). Өткен жылыту маусымында қала желілерінде 337 апатты жағдай орын алды, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 21%-ға артық. 

Семей қаласын жылыту маусымында сапалы қызметпен қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту, жылыту маусымының үздіксіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі жылу желілерінің тозығы жеткен бөліктерін анықтады, жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп, жөндеу жұмыстарын жүргізуге сараптамадан оң қорытынды алды.

Үкімет резервінен бөлінген қаржыға Семей қаласындағы желілік сорғыларды ауыстыра отырып, 1-ЖЭО-дан 1, 2, 3, 4 павильондарға дейін 5,8 шақырым магистралдық жылу желілерін күрделі жөндеуге бағытталады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Үкімет Риддер жылу орталығын жөндеуге 8 млрд-тан астам қаржы бөлгенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу