Үкімет шағын және орта бизнеске қолайсыз реттегіш жүйені өзгертетініне сендіреді

776

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру проблемаларының бірі қолайсыз реттегіш жүйе және шектен тыс әкімшілік жүктеме болып табылады. Бұл туралы үкімет отырысында ұлттық экономика министрінің орынбасары Тимур Жақсылықов айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Үкімет шағын және орта бизнеске қолайсыз реттегіш жүйені өзгертетініне сендіреді

"Аталған проблеманы шешу үшін 2021 жылғы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа Реттеушілік саясатты енгізу мәселелері жөніндегі заңға қол қойды. Бизнеске арналған талаптарды қайта қарау бойынша жұмыс екі кезеңде жүргізіледі", – дейді Жақсылықов.

1-кезең – 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында төрт басым сала: сауда қызметі, көлік, ауыл шаруашылығы, қоғамдық тамақтандыру және тұру қызметтерінде реттеушілік талаптарды қайта қарауды қамтамасыз ету жоспарлануда. Аталған салаларда ШОК субъектілерін қамту шамамен 60%-ды құрайды.

2-кезең – 2022 жылдың екінші жартыжылдығында және 2023 жылы денсаулық сақтау, құрылыс, өнеркәсіп және басқа да салалардағы бизнеске қойылатын талаптарды қайта қарау қамтамасыз етіледі.

"Осылайша, кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімі қалыптастырылып, ол бизнес ортаға теріс әсер ететін талаптарға қатысты "Реттеуші гильотина" әдісін қолдануға мүмкіндік береді. Мемлекеттік бақылауды автоматтандыру арқылы тексерулер мен жазадан құқық бұзушылықтардың алдын алуға көшу жүзеге асырылатын болады. Бұл бақылау және қадағалау органдарын Бизнестің проблемалық субъектілеріне шоғырландыруға және оларды ретке келтіруге мүмкіндік береді. Кәсіпкерлік қызметті реттеудегі жаңа тәсілдерді іске асыру бизнеске жүктемені түбегейлі азайтуға және жаңа экономикалық шындық жағдайында іскерлік белсенділікті дамытуға серпін беруге мүмкіндік береді", – деп сендіреді вице-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу