Үкімет шешімімен акциялары иеліктен шығарылатын ұлттық компаниялардың тізімі бекітілді

453

ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 22 қарашадағы Қаулысымен дауыс беретін акцияларының 50 пайыздан астамы "Самұрық-Қазынаға" тиесілі, ҚР Үкіметінің шешімімен иеліктен шығарылылатын ұлттық компаниялар мен заңды тұлғалардың тізбесі бекітілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Үкімет шешімімен акциялары иеліктен шығарылатын ұлттық компаниялардың тізімі бекітілді Фото: primeminister.kz

Ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың тізімінде "ҚазМұнайГаз" АҚ, "Қазақстан темір жолы", "Қазатомөнеркәсіп", KEGOC, "Қазақтелеком", "Самұрық-Энерго", "QazaqGaz", "QAZAQ AIR", "Эйр Астана", "Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы, "SK Ondeu" ЖШС, "Ақтау теңіз сауда порты" бар.

Дәл сол компаниялар ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және тарату туралы шешімді қайта ұйымдастыруды үкімет қабылдайтын басқа да заңды тұлғалардың тізіміне енгізілді.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу