Үкімет шетелге маска сатуға тыйым салды

1178

Масканы шетелдік өндірушілерден сатып алу туралы мәселе қарастырылуда.

Үкімет шетелге маска сатуға тыйым салды

Үкімет дистрибьюторлар мен өндірушілерге шетелге маска сатуға тыйым салды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп хабарлады, деп жазады Интерфакс-Қазақстан.

"Маска өндірушілері мен дистрибьюторларының жағымсыз әрекетін атап өткіміз келеді, олар Қытайға қордағыны сатқан, осыған байланысты үкімет экспортқа тыйым салды. Тыйым салудан бөлек, кейбір отандық өндірушілердің халықтың өсіп келе жатқан сұранысын қамтамасыз ете алмауына байланысты, масканы шетелдік өндірушілерден сатып алу туралы мәселе қарастырылуда",– деді ресми өкіл.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу