Үкімет Сұлтановтың қызметтік іссапарына қатысты түсініктеме берді

594

Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың қызметтік іссапарына қатысты ақпарат шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Үкімет Сұлтановтың қызметтік іссапарына қатысты түсініктеме берді

Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың жұмыс сапарлары көп жағдайда эконом-класспен жүзеге асырылды. Эконом-класта билет болмаған жағдайда ғана бизнес-классқа билет алады ("Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 Қаулысына сәйкес) Премьер-Министрдің орынбасарларына "Бизнес" класс тарифі бойынша ұшуға рұқсат берілді).

Осы жылдың ақпан айында Алматы мен Алматы облысына жасаған жұмыс сапарына тоқталсақ. Бұл уақытта өңірдегі мәселелерді шешу үшін бірқатар мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерінен тұратын делегацияның ұшып шығу қажеттілігі болды. Осыған байланысты арнайы борт ("Бүркіт" Мемлекеттік авиакомпаниясы" ШЖҚ РМК литерлік рейсі) пайдаланылды.

Осы жылдың ақпан айында Алматыға жұмыс сапары Қырғыз Республикасының Үкіметімен халықаралық келіссөздерге, сондай-ақ Қырғыз Республикасы мен Ресей Федерациясы делегацияларымен үшжақты келіссөздерге байланысты болды. Айта кетейік, қазақстандық делегация құрамына бірқатар мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері де кірді.

Қазақстан тарапын Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Б.Сұлтанов бастады, қырғыз делегациясын Министрлер кабинеті төрағасының бірінші орынбасары Арзыбек Кожошев басқарды. Ресей тарапынан қаржы министрінің орынбасары, статс-хатшы Алексей Сазанов бастаған кеден және салық қызметтерінің басшылығы қатысты.

Сондай-ақ жұмыс сапары аясында "Нұр жолы" Қазақстан – Қытай шекарасындағы өткізу бекеттеріне, "Қорғас-Шығыс қақпасы" еркін экономикалық аймағына және "Қорғас" ШЫХО-ға барды. Жүктерді тасымалдаудың бірыңғай электрондық кезегінің проблемалық мәселелерін шешу және жүк тасымалдаудың жеке операторларын алып тастау есебінен олардың құнын едәуір азайту мақсатында.

Айта кету керек, шұғыл мәселелерді шешуге екі күн ғана уақыт берілді. Осыған байланысты мұндай шұүыл жағдайларға арналған арнайы борт пайдаланылды.

Айта кетсек, жыл басынан бері Бақыт Сұлтанов шамамен 15 іссапарға шықты. Олардың көпшілігі шетелдік іссапарлар, оның ішінде Мемлекет басшысынының сапары аясында да бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу