Үкімет Сыртқы істер министрлігіне жаңа міндеттер жүктеді

206

Құжат жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.

Үкімет Сыртқы істер министрлігіне жаңа міндеттер жүктеді Фото: inbusiness.kz

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері" туралы Үкімет қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында Сыртқы істер министрлігіне адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастық саласында Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын іске асыруды қамтамасыз ету жүктелетіні көрсетілген. 

Сондай-ақ, ведомствоға шет елде адам саудасының құрбандары болған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, шетелде адам саудасының құрбаны болған Қазақстан азаматтарын, оның ішінде кәмелетке толмағандарды, Қазақстан Республикасы таныған босқындарды және Қазақстанда тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарды тиісті құжаттармен қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасына қайтару жөніндегі шараларды қабылдау міндеттері қоса берілмек. 

Қаулы жобасы 9 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға шығарылып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу