Үкімет тарапынан машина жасаушыларға қандай қолдаулар көрсетілмек

865

Бүгін Қазақстан машина жасаушылар одағында саланы дамыту жайы талқыланды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет тарапынан машина жасаушыларға қандай қолдаулар көрсетілмек

Одақ басқармасының төрағасы Мейрам Пішембаев отандық машина жасау саласын дамыту үшін ауқымды жұмыстар атқалып жатқанын айтты.

Саладағы өндірістің тұрақты көлемін қолдау үшін Үкімет бизнес-қоғамдастық әзірлеген төмендегі шараларды қабылдаған:

Машина жасау саласындағы кәсіпорындарға еңбекақы төлеу қорынан салықтар мен төлемдерді төлеуді кейінге қалдыру;

Несиелер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру;

Квазимемлекеттік секторды сатып алуда өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарымен оффтейк келісімшарттар жасасу мүмкіндігі; 

Арнайы және ауыл шаруашылығы техникасын лизингке сатып алуға арналған қаражаттың төмендеуіне жол бермеу; 

Бизнес ахуалды жақсарту және жаңа жобаларды құру мәселелері бойынша ҚР Кәсіпкерлік және салық кодекстеріне заңнамалық деңгейде толықтырулар мен өзгерістер енгізу.

"Осы және басқа да қабылданған шаралар оң нәтиже берді. Олар өндіріс көлемін сақтап қана қоймай, ұлғайтуға да мүмкіндік берді", - деді төраға Қазақстан машина жасаушылар одағының жиналысында.

Айта кетейік, 2020 жылы Қазақстан машина жасаушылар одағының қатысуымен ҚР Үкіметі "Өнеркәсіптік саясат туралы" ҚР Заңының жобасын әзірлеп, өнеркәсіпті дамыту қорын, мұнай-газ машинасын жасауды дамыту жөніндегі халықаралық орталықты құруды мақұлдаған еді. Бұл саланы дағдарыстан кейінгі қалпына келтіруге және оны дамытуға мүмкіндік береді.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу