"Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанар-жағармай бекеттері арасында келісім бар-жоғы туралы тексеру жүргізіп жатыр. Соның қорытындысы бойынша осы баға қалатын-қалмайтыны туралы нақты айта аламыз", - деді ол.
Айта кетейік, Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының автогаз толтыру станцияларының иелері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бастамашылық тәртіппен газ құнын литріне 120-дан 85-90 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдады.
Ресми ақпарға сүйенсек, Маңғыстау облысының ай сайынғы тұтынуы 18 мың тоннаны құрайды, бұл "ҚазГөз" ЖШС – 14,5 мың тонна, "Атырау МӨЗ" ЖШС – 3,5 мың тонна есебінен өтеледі. Автокөліктердің 70-90%-ы газ пайдаланады.