Үкімет үйінде елдің 2023-2027 жылдарғы әлеуметтік-экономикалық даму болжамы талқыланды

918

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткізді.

Үкімет үйінде елдің 2023-2027 жылдарғы әлеуметтік-экономикалық даму болжамы талқыланды

Отырыс барысында 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын қалыптастыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған тақырып бойынша ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов, Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов және тағы басқалар сөз сөйледі.

Талқылауды қорытындылай келе, Әлихан Смайылов Үкімет отырысына шығару үшін Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп елдің даму болжамы мен бюджет параметрлерін пысықтауды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу