Үкімет үйінің алдына жиналған аналар баспананың тек елордадан берілуін сұрады

994

Бақыт Сұлтанов жиналған аналарға жалға берілетін пәтерлер бар екендігін айтты.

Үкімет үйінің алдына жиналған аналар баспананың тек елордадан берілуін сұрады

Бүгін Нұр-Сұлтанда бір топ ана баспана мәселесін шешуді өтініп, үкімет үйінің алдына жиналды. Оларды мәжіліс залына кіріп, әрқайсысының мәселесін жеке қарауға, тіпті мәжіліс депутаттары қабылдауға дайын екендігі айтылса да кездесуге келген аналар балаларымен бірге алаңда қалуды жөн санады, деп хабарлайды elorda.info.

Бақыт Сұлтанов жиналған аналарға жалға берілетін пәтерлер бар екендігін айтты. Алайда олар 10 пайыз көлеміндегі бастапқы жарнаны жинамастан және бөліп төлеу арқылы меншікке алатын үй сұрады. Аналардың тағы бір талабы еш күтпестен, дәл қазір баспана кілтін табыстау болды.

Баспана кезегін күтпей, дәл қазір үй қажет азаматтарға "Нұрлы Ертіс" бағдарламасы әзірленген. Ол арқылы Екібастұз қаласына қоныс аударып, сол жақтан тұрғын үймен қатар жұмысқа орналасу мүмкіндігі қарастырылған және де отбасының әрбір мүшесіне бір жолғы төлемақы, балабақша мен мектепке орналастыру, балалардың мектеп формалары мен тамақтануы, басқа да қажеттіліктері өтеледі. Дегенмен бүгін жиналған аналар басқа емес, тек елордадан баспана берілуін сұрап отыр.

Алайда көпбалалы аналардың бір тобы әкімдік тарапынан ұсынылып отырған жағдайдың қисынға келетінін және елордадан баспана алу үшін біршама уақыт күтуге тура келетінін түсінді. Себебі бұл мақсатқа қарастырылған үйлердің құрылысы әлі жүріп жатыр.

"Ақорданың алдына жиналып алып, "Баспана бер" деп босқа айқайлағаннан нәтиже шықпайды. Осы балаларды кім үшін тудым деген сұрақты әркім өзіне қойса дұрыс деп санаймын. Тек көмек күтпей өзіміз де әрекет ету керекпіз. Көпбалалы отбасылардың балалары үшін үйірмелер тегін, бірақ соның өзіне апармайтын жағдайлар бар. Ата-аналар баласын ойласа неге осындай мүмкіндіктерді пайдаланбасқа? Жан-жақты дамуға түрлі жобалар бар. Мен де тегін баспана алғым келеді. Бірақ алақан жаюдан аулақпын. Өзге мемлекеттерде тегін ештеңе жоқ. Коммунадық қызметтерді төлеу, стомотологиялық қызметтерді тегін көрсету мен басқа да қызметтер бізде ғана шығар", – деген ойымен бөлісті қала тұрғыны Г.Әбдірова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу