Үкімет Ұлттық қор активтерін100 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

624

Мемлекет басшысының төрағалығымен өтіп жатқан Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайлов үкіметтің жаңа бюджет-салық саясаты туралы баяндады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

Үкімет Ұлттық қор активтерін100 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр Фото: primeminister.kz

Оның айтуынша, Ұлттық қор активтерін $100 млрд-қа дейін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа салық саясаты әзірленеді.

"Үкімет қабылдаған шаралар алдағы жылдары Ұлттық қорға қаражат түсімдерінің көлемін ұлғайтуға және бюджет шығыстарының өсу қарқынын тұрақтандыруға мүмкіндік береді", деді Әлихан Смайылов.

Премьер-министрдің сөзінше қазіргі уақытта Президенттің сайлауалды бағдарламасын іске асыру басталды, оның шеңберінде 2030 жылға дейін Мемлекеттік қаржыны басқарудың жаңа тұжырымдамасы қағидаттарын енгізу жүзеге асырылып жатыр.

"2023 жылы Ұлттық қордан алынатын трансферттерді 1,4 трлн теңгеге қысқартуға және бюджет шығыстарының өсу қарқынын тұрақтандыруға мүмкіндік беретін контрциклдік бюджеттік қағидалар бекітілді. "Бюджеттің теңгерімділігі өзінің кіріс базасын ұлғайту және шығыстарды неғұрлым басым бағыттарға шоғырландыру есебінен қамтамасыз етіледі", — деді Премьер-Министр.

Сонымен қатар, Әлихан Смайыловтың айтуынша  бюджет процесі мен салықтық әкімшілендіруді жеңілдетуге, осы бағыттарға жаңа цифрлық шешімдерді енгізуге мүмкіндік беретін жаңа Бюджет және Салық кодекстерін әзірлеу басталды.

"Жалпы алғанда, бюджет-салық саясаты 2030 жылға қарай мұнайға қатысты емес тапшылықты 5%-ға дейін төмендетуге, сондай-ақ Ұлттық қор активтерін $100 млрд-қа дейін өсіруге бағытталатын болады", — деді Әлихан Смайылов.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу