Үкімет Ұлттық қордың активтерін арттырмақ

699

Ол үшін Үкімет Ұлттық қордың активтерін жинақтау функцияларын күшейтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Үкімет Ұлттық қордың активтерін арттырмақ

"Былтыр Ұлттық қордың активтері 742 млрд теңгеге өскенін атап өту керек. Қорды басқарудан түскен инвестициялық кіріс 4,1 трлн теңгені құрады. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2,5 есе көп", - деді Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мәжіліс отырысындағы 2020 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы берген есебінде.

Оның айтуынша, бюджет кодексіне енгізілген түзетулерге сәйкес 2024 жылдан бастап кепілдендірілген трансферт бойынша жаңа контрциклдық қағиданы қолданылады. Кепілдік берілген трансферт мұнайдың консервативтік бағасы (кесімді баға) кезінде мұнай секторынан Ұлттық қорға түсетін түсімдер мөлшерінен аспайтын мөлшерде айқындалмақ.

"Бұл мұнайға тәуелді тапшылықты төмендетуге және Ұлттық қордың өсуіне ықпал етеді", – дейді министр.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу