Үкімет Ұлытау өңіріне қайтарылған активтерден 1,4 млрд теңгеден астам қаржы бөлді

111

Қаражал қаласында 80 орындық мектеп салынады. 

Үкімет Ұлытау өңіріне қайтарылған активтерден 1,4 млрд теңгеден астам қаржы бөлді Фото: primeminister.kz

Білім беру нысаны "Вокзал" шағын ауданында салынады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бүгінде шағын ауданда тұратын балалардың басым бөлігі қаланың басқа аудандарындағы мектептерде білім алуда. Олар екі ауысымда автобуспен тасымалданады. Жаңа білім ошағының құрылысы балаларды заман талабына сай оқытуға қолайлы жағдай жасап, білім алуға қол жеткізуін арттыруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар нысандардыі салуға шамамен 56,6  млрд теңге бөлді. Олардың қатарында Атырау облысының Жамансор, Жетісу облысының Рудничный және Көксай ауылындағы мектептер, Түркістан облысының Темірлан ауылындағы музыкалық мектеп, Ақмола облысының Зеренді ауылындағы спорт кешені, Риддердегі көпсалалы аурухана кешені, Шымкенттегі жатақхана және Ақтөбе мен Петропавлдағы 2 балабақша бар.

Арнаулы мемлекеттік қорға ақша қаражатын аударудан басқа, "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Заң субъектілерінің қаражаты есебінен Арқалық қаласында дарынды спортшы балаларға арналған спорт кешені, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы, Алматыда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған жаттығу орталығының құрылысы жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу