Үкімет Заң жобалау жұмыстарының 2023 жылға арналған жоспарын мақұлдады

2022 жылы 22 заң жобасының төртеуіне Мемлекет басшысы қол қойды.  

Үкімет Заң жобалау жұмыстарының 2023 жылға арналған жоспарын мақұлдады Фото: primeminister.kz

Тоғызы Парламенттің, тағы тоғызы Үкіметтің қарауында, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Үкіметтің қарауындағы заң жобаларын желтоқсан айының соңына дейін Парламентке енгізу жоспарланып отыр. Осылайша, осы жылдың жоспары толық көлемде орындалмақ.

Премьер-Министр биыл конституциялық реформа мен Президенттің сайлауалды бағдарламасы аясындағы бастамаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілгенін атап өтті. Алдағы жылы да бұл реформалар жалғасын таппақ.
Сонымен қатар, Үкімет басшысының айтуынша, әзірленіп жатқан заң жобаларының тізбесіне уақытылы енгізу үшін Мемлекет басшысының заңнамалық тапсырмаларына тұрақты негізде мониторинг жүргізіп отыру қажет.

"2023 жылға арналған жоспарға 24 заң жобасы кіреді. Олардың ішінде әзірленіп жатқан Су кодексі, “Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы”, “Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы” және “Аквадақыл туралы” заң жобалары ерекше маңызға ие. Заң жобаларының сапалы, уақытылы әзірленуі мен ұсынылуына мемлекеттік органдардың бірінші басшылары өздері жауапты болады", — деп түйіндеді Әлихан Смайылов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу