Үкімет зейнетақы жинағын алудың механизмін әзірлеуге кірісті

1221

Қасым-Жомарт Тоқаев кеше халыққа жасаған алғашқы Жолдауында зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыруды тапсырып, жұмыс істейтін азаматтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға рұқсат берілетінін мәлімдеген. 

Үкімет зейнетақы жинағын алудың механизмін әзірлеуге кірісті

Үкімет азаматтар үшін зейнетақы қорындағы ақшаны алуға мүмкіндік беретін жобаның механизмін жасауға кірісіп кетті. Вице-премьер Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, қазір жауапты құрылымдар есеп-қисапты бастаған. Дегенмен, алдын ала болжам бойынша, ақшаны алу жинақ шоттандағы салым мөлшеріне тікелей қатысты болмақ. Мұны реттеуге Президент үкімет пен Ұлттық банкке жыл соңына дейін уақыт берген.

Қасым-Жомарт Тоқаев кеше халыққа жасаған алғашқы Жолдауында зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыруды тапсырып, жұмыс істейтін азаматтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға рұқсат берілетінін мәлімдеген. Бірақ екі мақсатта ғана, баспана сатып алу мен білімге ғана алынуға тиіс.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу