Үкімет "Зерде" холдингін жабу жөнінде қаулы қабылдады

648

Қазақстан Үкіметі "Зерде" холдингі" акционерлік қоғамын жабу туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Үкімет "Зерде" холдингін жабу жөнінде қаулы қабылдады

"ҚР Үкіметі 2022 жылдың 5 тамызында "Зерде" ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамын жабуды көздейтін қаулыны қабылдады. Аталған құжат Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілер эталондық бақылау банкінде жарияланады", – деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Бұған дейін "Зерде" холдингін жабу жылына шамамен 3 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік беретіндігі хабарланған болатын.

2016-2021 жылдарының ішінде холдингтің жинақталып қалған шығыны 7 млрд теңгеге жетіп отыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу