Үкімет жаңадан сайланған Құрылтай алдында өз өкілеттігін доғарады

239

Тиісті норма жаңа Ата заң жобасының 69-бабында көрсетілген.  

Үкімет жаңадан сайланған Құрылтай алдында өз өкілеттігін доғарады Фото: Үкімет

Премьер-Министрдің орнынан түсуін қабылдау бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Үкіметтің немесе оның мүшесінің орнынан түсуі қабылданбаған жағдайда оларға өз міндеттерін одан әрі атқару тапсырылады.

Президент өз бастамасымен Үкіметтің өкілеттігін тоқтатуға және оның кез келген мүшесін лауазымынан босатуға құқылы.

Айта кетейік, бүгін жаңа Конституцияның жобасы жарияланды. Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жарлыққа қол қойған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу