Үкімет жанар-жағармай тапшылығын түсіндірді

612

Үкімет жанармайды әдейі сатпай отырғандарды жауапқа тартуды тапсырды. 

Үкімет жанар-жағармай тапшылығын түсіндірді Фото: Almaty.tv

Елімізде жанар жағармай тапшылығы туындады. Оған жанармай құю бекеттерінің иелері кінәлі болып отыр. Себебі олар Үкіметтің шешімі бойынша 12-ші сәуірде бензин қымбаттайды деген жаңалықты естіген соң, сатылымды тоқтатқан көрінеді. 

"Қазмұнайгаз" басшысы Мағзұм Мырзағалиевтің сөзінше, қазір жеке мұнай базаларында дизель отыны көлемінің 73 пайызы жиналған. 

Ал қаржы вице-министрі Ержан Біржанов сатылымға шектеу қойған 152 жанармай құю бекеті анықталғанын айтты. Үкімет өңірдегі штабтартарға тұрақты рейдтер жүргізіп, жанармайды әдейі сатпай отырғандарды заңмен  жауапқа тартуды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу