Үкімет жанынан құрылған жедел штаб Екібастұз қаласындағы жағдай туралы ақпарат таратты

496

Жедел штабтың Екібастұз қаласында жылу беруді қалпына келтіру жөніндегі соңғы ақпараты Премьер министрдің ресми ақпараттық ресурсында жарияланды, деп жазады inbusiness.kz.  

Үкімет жанынан құрылған жедел штаб Екібастұз қаласындағы жағдай туралы ақпарат таратты Фото: Константин Шелков

Ақпаратқа сәйкес, 71 көпқабатты проблемалық үйдің жертөлелеріндегі жылыту тораптарына жылу берілді.

"Жедел штабтың жетекшісі - премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қазіргі таңда осы үйлердің жылыту тораптарында жөндеу жұмыстары аяқталғанын хабарлады. Қазір пәтерлердің ішіндегі құбырлар мен регистрлерді қосу жүріп жатыр. Сонымен қатар мамандар су және кәріз жүйелерін қалпына келтіруде", - делінген ақпаратта.

 Сондай-ақ, жедел штаб жүргізілген жөндеу жұмыстарының тізбесі берілген барлық зардап шеккен үйдің тізімін жариялады.

Екібастұзда барлығы 689 көп қабатты үй бар. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына 851 адам жұмылдырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу