Үкімет жанындағы кеңес таратылды

224

Премьер-Министрдің тиісті үкімі шықты.

Үкімет жанындағы кеңес таратылды Фото: canva.com

Үкімет жанындағы Технологиялық саясат жөніндегі кеңес таратылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Үкімет жанынан Технологиялық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Премьер-Министрдің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 83-үкімімен құрылған Үкімет жанындағы Технологиялық саясат жөніндегі кеңес таратылсын", – делінген құжатта.

Бұдан бөлек кеңестің жұмысымен байланысты кейбiр үкімдердің күші жойылды.

Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің құрамында министрлерден бөлек, келісу бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағалары мен бірқатар акционерлік қоғамдардың басқарма төрағалары мүше болды. Кеңес мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыру және іске асыру мақсатында құрылып, министрлер кабинетінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болды.

Кеңестің негізгі міндеттері қатарында мемлекеттік органдар үшін елдің инновациялық және технологиялық даму мәселелері бойынша ұсынымдарды тұжырымдау кірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу