Үкімет жеңілдетілген автонесиелендіруге 8 миллиард теңге қосымша қаражат бөлді

652

Үкімет жеңілдетілген автонесиелендіруге 8 миллиард теңге қосымша қаражат бөлді

"БИПЭК АВТО — АЗИЯ АВТО" компаниялар тобының филиалдары жеңілдетілген автонесиелендіру мемлекеттік бағдарламасының үшінші траншы аясында автокөлік сатып алуды қаржыландыруға өтінімдерді қабылдауға кірісіп кетті. ҚР үкіметі бөлген 8 млрд теңге қосымша қаражаттың 4 млрд "АЗИЯ АВТО" сатып алушыларына тиесілі, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

ҚР үкіметі жеңілдетілген автонесиелендіру мемлекеттік бағдарламасын қаржыландыруға 8 млрд қосымша қаражат бөлу туралы шешім қабылдады. Бағдарлама операторы ("Қазақстанның даму банкі" АҚ) "АЗИЯ АВТО" АҚ зауытының өнімдерін сатып алушыларға бөлінген қаражат сомасының 50% мөлшерінде 4 млрд теңге лимит белгіледі.

Қазақстандықтар мемлекеттік бағдарлама шеңберінде "АЗИЯ АВТО" АҚ автокөлік құрастыру зауыты шығарған құны 2 595 000 теңгеден басталатын 30 модельге қол жеткізе алады.

Бағдарлама шартына сәйкес, сатып алынатын автокөліктің максималды құны 15 млн теңгеден аспауға тиіс. Несиелендіру мерзімі —7 жылдан артпайды. Атаулы сыйақы мөлшері — жылдық 4%-дан жоғары емес, сонымен қатар жылдық тиімді мөлшерлеме (оған сақтандыру және автокөлікті кепілге салуды ресімдеу бойынша шығындар кіреді) жылдық 7,5%-дан аспауы тиіс. Бастапқы жарна — 0%-дан басталады (серіктес банк шарттарына байланысты), қарыз валютасы — теңге.

Жеңілдетілген автонесиелендіру бағдарламасы 2015 жылғы 20 сәуірде іске кіріскен болатын. Бұған дейін бағдарламаның екі алғашқы траншы аясында Ұлттық қордан қайтарымды негізде 26 млрд теңге бөлінген. 

"Еуразиялық Банк" АҚ мен "Банк ЦентрКредит" АҚ қарыздарды қарауға берілген өтінімдерді қабылдауға кірісіп кетті. Жақын уақыттарда "Сбербанк России" АҚ ЕБ, "Қазақстанның Халық Банкі" АҚ және "Банк ВТБ" АҚ ЕҰ үшінші транш шеңберінде жұмысқа кірісетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу