Үкімет жолдаудағы міндеттемелерді орындауға кірісіп кетті

1143

Үкімет жолдаудағы міндеттемелерді орындауға кірісіп кетті

Министрлер елбасы үндеуіндегі тапсырмаларды орындауға білек сыбана керісіп кетті. Бүгін Үкіметтің 2018 жылдағы алғашқы селекторлық отырысы да тікелей жолдауға қатысты болды. "Индустрия 4.0" старегиясындағы 10 міндеттемені жеке-жеке талқылаған Бақытжан Сағынтаев, оның орындалуын қатаң бақылауында ұсытайтынында ескертті. Дегенмен, жалпы тапсырмалардың жүзеге асу процесіне инветициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек жауапты болмақ. Оған ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев көмекші. Өйткені Жолдаудың басым бағыты жаңа технолгия, сандық жүйе, экспорт, жалпысы өнеркәсіптік революцияға негізделген. Есептер ай сайын жасалып отыруға тиіс.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР премьер-министрі:

"Жаңа Жолдау Елбасы 2017 жылы жариялаған Қазақстанның "Үшінші жаңғыруы" тұғырнамасын жалғастыруға бағытталған. Мақсатымыз – өзгеріссіз қала бермек. Ол бүкіл әлемнің жаңа технологиялық құрылысқа кқші жағдайында ең дамыған 30 елдің қатарына кіру. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарына қатысты құжаттарды дайындады".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу