Үкіметаралық келісім: БАӘ-мен бірлескен жаңа жобалар пулы $6 млрд-тан асады

707

2021 жылғы 9-10 қазанда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды inbusiness.kz Үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап.

Үкіметаралық келісім: БАӘ-мен бірлескен жаңа жобалар пулы $6 млрд-тан асады

Абу-Даби қаласында Үкімет басшысы БАӘ Премьер-Министрінің орынбасары, Президент істері жөніндегі министр шейх Мансұр бен Заид әл Нахаянмен, сондай-ақ Abu Dhabi Developmental Holding Company (ADQ) холдингтері және мемлекеттік даму институттары мен БАӘ-нің басқа да жетекші компанияларының басшылығымен келіссөз жүргізді. Тараптар сауда-экономикалық, қаржы-инвестициялық, энергетика, көлік-логистика, агроөнеркәсіп және басқа да салалардағы бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын және екіжақты ынтымақтастық перспективасын талқылады.

Қазіргі уақытта әмірлік компаниялары Қазақстанда жалпы құны $3,5 млрд-тан асатын 11 ірі инвестициялық жобаны іске асыруға қатысуда.

Өткізілген келіссөздер қорытындысы бойынша экономиканың басым салаларында жобаларды дамыту бойынша ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік орнату жөніндегі үкіметаралық келісімге қол қойылды. Құжат ҚР ұлттық экономикасының энергетикалық, агроөнеркәсіптік, көлік-логистикалық, фармацевтикалық және қаржы секторларындағы жобаларды іске асыруға бағытталған, инвестициялардың жалпы көлемі $6 млрд-тан асады.

Келісімді іске асырудағы Қазақстанның негізгі әріптесі өңдеу және өндіру өнеркәсібі, АӨК, көлік және логистика, қаржы, туризм, медиа және энергетика сияқты секторларда кеңінен ұсынылған Абу-Даби ADQ егемен қоры болады. Қордың басқаруында $175 млрд астам көлемдегі активтер бар.

Дубай қаласында Үкімет басшысы "EXPO 2020 Dubai" халықаралық көрмесіне барып, онда Қазақстан, БАӘ, РФ және т.б. ұлттық павильондармен танысты. Жұмыс сапарына ұлттық Экономика министрі Әсет Ерғалиев, Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, Әділет министрі Марат Бекетаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары Жаслан Мәдиев, Энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Жүребеков, БАӘ-дегі ҚР елшісі Мадияр Меңілбеков, ҚР іскерлік топтарының өкілдері және т.б. қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу