Премьер-министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев пен Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Нөкерғұлы Атағұлыевтің тең төрағалығымен Экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Түрікмен үкіметаралық комиссиясының 14-отырысы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық пен өнеркәсіптік кооперация, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, мұнай-газ салаларын және білім беру, мәдениет мәселелерін талқылады.
ҚР вице-премьері Ғалымжан Қойшыбаев Қазақстан екіжақты қатынастардың барлық бағытын дамытуға дайын екенін атап өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті хаттамаға қол қойылды.