Үкіметте Абай облысын дамытудың кешенді жоспары қаралады

573

Облыстағы барлық негізгі секторлар енгізілген құжаттың жобасы дайын.  

Үкіметте Абай облысын дамытудың кешенді жоспары қаралады Фото: kazgazeta.kz

Абай облысын дамытудың алдағы 5 жылға арналған кешенді жоспары Үкімет отырысында қаралады. Тиісті құжат жобасы әзірленді. Бұл туралы Абай облысы әкімдігі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап, inbusiness.kz хабарлайды.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың дерегінше енді бейінді министрліктермен бірлескен жұмыс жүргізілді. Ал, құжат бекітілгеннен кейін кешенді жоспар көпшілікке жарияланбақ.

"Жоспарға барлық негізгі секторлар енгізілген. Оған ЖЭО және "Аягөз – Бақты – Ташен" темір жолының құрылысы, жеке инвестициялар, Айдарлы кен орнындағы тау-кен байыту комбинатының құрылысы, бүкіл өңір бойынша салынатын мектептер, балабақшалар, инфрақұрылым, емханалар құрылысы кіреді. Мұның бәрі жоспарда қарастырылған", - деп түсіндірді Нұрлан Ұранхаев.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Семей қаласына жасаған жұмыс сапары барысында облысты дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын дайындауды тапсырған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу