Үкіметте Air Astana әуе компаниясын IPO-ға шығару мәселелері талқыланды

411

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Үкіметте Air Astana әуе компаниясын IPO-ға шығару мәселелері талқыланды Фото: primeminister.kz

Онда "Эйр Астана" АҚ акцияларының бір бөлігін бәсекелестік ортаға беру жоспарлары талқыланды.

Талқылау қорытындысы бойынша мемлекеттік комиссия "Эйр Астана" АҚ-ны IPO-ға шығаруға қатысты ұсынылған тәсілдерді, мерзімдер мен құрылымын қолдады. Бұл "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ға тиесілі акциялар пакетінің мөлшерін "Эйр Астана" АҚ-ның орналастырылған акцияларының жалпы көлемінің 51%-дан аз деңгейіне дейін төмендетуді көздейді.

"Эйр Астана" АҚ IPO-сын өткізу Жекешелендірудің кешенді жоспары аясында жоспарланып отыр.

Қорытындылай келе, Премьер-Министр мүдделі мемлекеттік органдарға бірқатар тиісті тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу