Үкіметте әлеуметтік кәсіпкерлік мәселесі қаралды

635

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев әлеуметтік кәсіпкерлік мәселесіне қатысты жиын өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкіметте әлеуметтік кәсіпкерлік мәселесі қаралды

Жиынға барлық облыс пен Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ерік Сұлтанов, сонымен қатар мүдделі министрліктер қатысты.

Жиында әлеуметтік кәсіпкерлік мәселелері, сондай-ақ осы институтты дамыту және одан әрі жетілдіру мәселелері талқыланды.

Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы саласындағы азық-түлік өнімдерін өткізу шығындарын субсидиялау мәселесі қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары әкімдіктерге, атап айтқанда, жаңадан құрылған өңірлерге әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау шараларын қабылдауды қамтамасыз етуді және жұмысты жандандыруды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу