Үкіметте Алматы және Алматы агломерациясын одан әрі дамыту жөніндегі шаралар қаралды

473

Орталық мемлекеттік органдардың басшылары 10 наурызда Үкімет басшысының Алматыға жұмыс сапары аясында берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады.

Үкіметте Алматы және Алматы агломерациясын одан әрі дамыту жөніндегі шаралар қаралды Фото: primeminister.kz
  • Әңгіме отандық тауар өндірушілерді қолдау;
  • "Алтынкөл" теміржол стансасын дамытудың бас жоспарын әзірлеу;
  • бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін кеңейту;
  • құрылыс саласындағы бақылауды күшейту бойынша қабылданған шаралар туралы болды. 

Алматының үлгісімен республиканың барлық өңірінде шағын өнеркәсіп парктерін құру бойынша қадамдар әзірленгені жеке атап өтілді.

Кеңеске қатысушылар оңтүстік астанадағы сауда ағынын оңтайландырып, көлік инфрақұрылымын жеңілдетуге мүмкіндік беретін көтерме тарату және сауда-логистикалық орталықтар желісін дамыту жоспарларын да талқылады. Сонымен қатар Алматы қаласының бас жоспарын және Алматы агломерациясын дамытудың 2030 жылға дейінгі кешенді жоспарын әзірлеу туралы, сондай-ақ қаланың сейсмикалық қауіпсіздігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлей отырып, ауқымды сейсмоаудит жүргізу туралы баяндама жасалды. 

Премьер-Министр ұсынылған тәсілдерді қолдап, жоспарланған жұмыстарды сапалы орындау қажеттігін атап өтті. 

"Агломерацияны есепке алатын болсақ, Алматы – халық көп шоғырланған еліміздің ең маңызды өңірлердің бірі. Сондықтан әкімдік пен бизнес тарапынан қойылған түйткілді мәселелерді жүйелі түрде шешуіміз керек. Жұмыс сапарының қорытындысына сәйкес 28 тапсырма берілді, мемлекеттік органдар оларды уақытылы әрі сапалы орындау бойынша жұмысты жалғастыруы тиіс", — деді Әлихан Смайылов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу