Үкіметте Алматы ЖЭО-2 газдандыру жобасы мақұлданды

518

Қолданыстағы энергетикалық қазандық агрегаттарын реконструкциялау жолымен ЖЭО-2-ні көмірден газға ауыстыру мақұлданды. 

Үкіметте Алматы ЖЭО-2 газдандыру жобасы мақұлданды

ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен кеңесте Алматы ЖЭО-2 жаңғырту жобасы бойынша шешім қабылданды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Қоғамдық пікірді ескере отырып, жылу электр станциясын жаңғыртудың қарастырылған төрт нұсқасынан қолданыстағы энергетикалық қазандық агрегаттарын реконструкциялау жолымен ЖЭО-2-ні көмірден газға ауыстыру мақұлданды. ЖЭО газдандырудың таңдалған нұсқасы қолда бар жеткізу және бұру инфрақұрылымын пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл ретте қоршаған ортаға әсері барынша азайтылады – күкірт тотығының, күлдің шығарындылары болмайды, азот тотығының және көмірқышқыл газы шығарындыларының деңгейі төмен.

Жоба 2025 жылдың соңына қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу