Үкіметте банк секторы тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары талқыланды

Зейнетақы жүйесін дамыту мәселесі де қаралды.  

Үкіметте банк секторы тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары талқыланды Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар, Ұлттық Банк және "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ басшылығының қатысуымен Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді.

Қатысушылар банк секторының қаржылық тұрақтылығының кейбір мәселелерін, атап айтқанда, мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілген банктердің жұмысын талқылады.

Бұдан басқа бағалы қағаздар нарығындағы бәсекелестікті дамыту, республиканың зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры мен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының тиімділігін арттыру жөніндегі жоспарлар қаралды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу