Үкіметте бизнестегі өзекті мәселелер қаралды

517

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бизнестің өзекті мәселелері бойынша кезекті кеңес өткізді.

Үкіметте бизнестегі өзекті мәселелер қаралды Фото: primeminister.kz

Жиынға мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кезекті жиында "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұсынған мәселелер көтерілді.

Жиында техникалық реттеу саласындағы қызметті жоспарлау мен қаржыландырудың мемлекеттік жіктеуішіне өзгерістер енгізу, сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу стандарттарын әзірлеу кезіндегі бәсекелестікке шектеулер, көлікті лизингке сатып алу кезінде кәдеге жарату төлемінен босату мәселелері қаралды.

Мемлекеттік органдардың міндеті – кәсіпкерлікті дамыту және кеңейту үшін барынша қолайлы жағдай жасау. Сондықтан мемлекеттік органдар барлық қол жетімді аспектілерді ескере отырып, бизнестің өзекті мәселелерін дер кезінде және сапалы түрде қарау бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу