Үкіметте бюджеттің соңғы 8 айының қорытындысы жарияланды

780

Үкіметте бюджеттің соңғы 8 айының қорытындысы жарияланды

Бүгін ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен ҚР үкіметі отырысы барысында биыл қаңтар-тамыздағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды,  деп хабарлайды primeminister.kz.

ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов экономикалық өсім алдын ала бағалау бойынша биыл 8 айда 4,3% дейін қарқындағанын айтты. Сыртқы сауда шамамен үштен бір есеге өсті, инфляция баяулады және мақсатты дәліз шегінде орналасқан. Осы тұрғыда Moody’s және S&P рейтингтік агенттіктері тәуелсіз кредиттік рейтингі болжамын тұрақтыға дейін жақсартты (Moody’s – Baa3, S&P – (BBB-), Fitch – BBB).

Экономиканың шикізаттық емес сегментінде оң серпін байқалуда, шикізаттық емес сектордың үлесі 2,3 пайыздық пунктті құраса, шикізаттық сегмент үлесі 1,6 пунктті құрады.

Жалпы өсімнің жоғары қарқыны алты негізгі саланың төртеуі бойынша байқалуда (өнеркәсіп, сауда, көлік және қаттау, ақпарат және байланыс), өсім қарқындарының баяулауы құрылыс және ауыл шаруашылығында байқалған.

Тау-кен өндірудің 11,3% және өңдеудің - 6,1% синхронды өсімнің арқасында 8,5% құрап, өнеркәсіп өсімнің ең жоғары қарқынын көрсетіп отыр. Бұл соңғы 6 жылдағы максималды өсім. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде айтарлықтай өсім көмір, мұнай, табиғи газ және металл кендерін өндіруде тіркелген.

Өңдеу өнеркәсібінде өсім үрдісі азық-түлік өндірісінде (5,8% өсім), жеңіл өнеркәсіпте (11,5%), фармацевтикада (33,7%), металлургияда (7,6%), мұнайды қайта өңдеуде (6,4%) және машина жасауда (6,3%) байқалып отыр.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығындағы өсім маусымда 3,1% жетіп, өсімдік шаруашылығы өндірісінің төмендеуі нәтижесінде қаңтар-тамызда 1,9% дейін баяулады. Құрылыс саласының өсу қарқыны бірінші жартыжылдықта 5,9% дейін артып, шілдеде баяулады (0,7%) және 8 айдың қорытындысы бойынша 0,1% дейін нөлдік мәнге жақындады. Саланың баяулауы өнеркәсіп ғимараттары мен құрылыстарын салудың азаюымен байланысты.

Өнеркәсіп секторындағы іскерлік белсенділікті жаңғырту кезінде қызмет көрсету саласының тұрақты өсім траекториясына шыққаны байқалып отыр. Биыл 8 айда көлік қызмет көрсетуі 4,7% өсті, сауда мен байланыс 2,9%-дан ұлғайды.

ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев мемлекет басшысының міндеттерін орындау бойынша, әсіресе ауыл шаруашылығы мен құрылыстағы шараларды іске асыруды жалғастыру, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар аясында қаражатты игеруді мұқият бақылау қажет екенін атап өтті. Министрлер кабинетіне экономикалық өсімнің жиналған қарқынын сақтау бойынша жұмысты жалғастыру тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу