Үкіметте дағдарысқа қарсы қосымша шаралар қаралды

635

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов дағдарысқа қарсы қосымша шаралар жөнінде кеңес өткізді. Отырыс барысында Үкіметтің сыртқы экономикалық және геосаяси факторлардың қазақстандық өндірушілерге әсерін мұқият қадағалап отырғаны аталып өтті, деп хабарлайды Премьер-Министрдің ресми сайты.

Үкіметте дағдарысқа қарсы қосымша шаралар қаралды

Отандық компаниялардың одан әрі дамуы және әкімшілік жүктемені төмендету үшін бірқатар жаңа қолдау шараларын енгізу ұсынылды.

Мәселен, мемлекеттік сатып алу аясында өз міндеттемелерін орындау кезінде форс-мажорлық жағдайларға (логистикалық дәліздердің жабылуы, жеткізілімдердің уақытылы орындалмауы және басқа) тап болған компанияларды Жосықсыз жеткізушілер тізіліміне енгізбеу тетіктерін пысықтау қажеттігі айтылды.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау үшін сақтандыру сыйақыларын мемлекеттік субсидиялау көлемін ұлғайту керектігі назарға алынды.

Сондай-ақ елімізде шығарылатын ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингін кеңейту туралы ұсыныс мақұлданды.

Премьер-Министр ұсыныстарды қолдап, оларды жүзеге асыру мәселелерін пысықтауды тапсырды.

Айта кетейік, Боао Азия форумы пленарлық сессиясының ашылу рәсімінде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Азия елдерін Транскаспий халықаралық көлік бағдарын белсенді пайдалануға шақырған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу