Үкіметте экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

597

Үкіметте көлік, мұнай өңдеу және ақпараттық коммуникация салаларындағы кейбір активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесі талқыланды.  

Үкіметте экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті Фото: primeminister.kz

Әлихан Смайылов уәкілетті органдарға активтерге қатысты тексеру іс-шараларын жалғастыруды, сондай-ақ олардың кейбірін жеке меншікке берудің заңдылығы тұрғысынан аудит жүргізуді тапсырды, деп жазады inbusiness.kz.

Бұдан басқа, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мұнай өңдеу кәсіпорындарына логистикалық және сервистік қызметтер көрсететін доминант компаниялардың тарифтерін реттеу жөнінде ұсыныстар енгізуі тиіс.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Әлихан Смайылов ел заңнамасына сәйкес қажетті рәсімдерді тездетіп аяқтаудың маңыздылығын атап өтті.

Талқылауға орталық мемлекеттік органдардың, Бас прокуратураның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің, Қаржылық мониторинг агенттігінің, "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қорының, "ҚазМұнайГаз" және "Қазақстан темір жолы" ұлттық компанияларының басшылары қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу