Үкіметте экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысын өтті

529

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Үкіметте экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысын өтті Фото: primeminister.kz

Қатысушылар квазимемлекеттік сектордан төмендетілген бағамен бәсекелестік ортаға берілген қаржы ұйымын республикалық меншікке қайтару шарттарын талқылады. Қазіргі уақытта осы факті бойынша тиісті тергеу жүргізіліп жатыр. 

Бұдан өзге ауыл шаруашылығы мен цифрлық медициналық жүйелердің қажеттіліктері үшін өнеркәсіптік өнімдер өндіру саласында жұмыс істейтін бірқатар компанияға қатысты монополияға қарсы ден қою шаралары қаралды.

Сондай-ақ Премьер-Министр Бас прокуратураға елдегі бірқатар энергетикалық объектілерді жекешелендіруге қатысты тексеру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу