​​Үкіметте экономиканы несиелендіруді кеңейту жөніндегі шаралар қаралды

474

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді, онда экономиканы несиелендіру мәселелері қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

​​Үкіметте экономиканы несиелендіруді кеңейту жөніндегі шаралар қаралды

Талқылауға ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы Елена Бахмутова, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахманов қатысты.

Кеңес барысында энергетика, ауыл шаруашылығы және басқа да салаларда жұмыс істейтін кәсіпкерлердің кредиттік ресурстарға қолжетімділігін кеңейту бойынша ұсыныстар қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министр Үкіметтің экономикалық блогына басым секторлар мен перспективті жобалар тізбесін пысықтауды, сондай-ақ ел экономикасына әсерін ескере отырып, ұсынылатын шараларды қосымша талдауды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу