Үкіметте энергетикалық жобаларды іске асыру барысы талқыланды

126

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Үкіметте энергетикалық жобаларды іске асыру барысы талқыланды Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен энергетика саласындағы стратегиялық жобалар бойынша кеңес өтті. 

Кеңеске энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, сондай-ақ "ҚазМұнайГаз", "QazaqGaz", "Самұрық-Энерго" және "KEGOC" компанияларының басшылары қатысты.

Жиында Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында жылу электр орталықтарын (ЖЭО) салу, Қашаған мен Жаңаөзенде газ өңдеу зауыттарының құрылысы, сондай-ақ "Бейнеу – Бозой – Шымкент" магистралды газ құбырының жобасы сияқты маңызды инфрақұрылымдық бастамалардың жүзеге асырылу барысы қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу