Үкіметте халықты газбен қамту мәселелері талқыланды

417

Мұнайды магистральдық құбырлар арқылы ішкі нарыққа тасымалдау мәселелері талқыланды.

Үкіметте халықты газбен қамту мәселелері талқыланды Фото: Primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен орталық мемлекеттік органдар, "Самұрық-Қазына", "ҚазМұнайГаз", KEGOC және басқа да ұйымдар басшыларының қатысуымен Энергетикалық кеңестің отырысы өтті, деп хабарлайды  Inbusiness.kz сайты.

Республиканың өнеркәсіптік кәсіпорындары мен халқын газбен тұрақты түрде қамтамасыз ету, QazaqGaz компаниясының жедел қызметі, сондай-ақ мұнайды магистральдық құбырлар арқылы ішкі нарыққа тасымалдау мәселелері талқыланды.

Жиын қорытындысына сәйкес Премьер-Министр мемлекеттік органдарға тиісті бірқатар тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу