Үкіметте шикізат өңдеу үшін битум зауытына жіберілетін мұнай құбыры бар жеке компанияның қызметі қаралды

340

Сондай-ақ жиында АМӨЗ және ПМХЗ-ға аутсорсинг шеңберінде көрсетілетін бірқатар сервистік қызметтерді зауыттардың өз құзыретіне қайтару мәселесі де қаралды. 

Үкіметте шикізат өңдеу үшін битум зауытына жіберілетін мұнай құбыры бар жеке компанияның қызметі қаралды Фото: pixabay.com

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында мұнай өндіру және тасымалдау, денсаулық сақтау және теміржол инфрақұрылымын пайдалану салаларында монополияға қарсы шараларды қабылдау мәселелері талқыланды.

Аталған бағытта осыған ұқсас басқа құбырлар болмағандықтан, мұнайды балама жолмен тасымалдау мүмкін емес.

Соған орай компания өзінің монополиялық жағдайын пайдаланып, мұнайды осындай қашықтыққа тасымалдау үшін нарықтың басқа қатысушылары қолданып отырған тарифтен 30 есе жоғары тариф белгілеген.

Талқылау қорытындысына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдарға белгіленген бағалардың негізділігіне талдау жасау және ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті арқылы қажетті шаралар қабылдау тапсырылды.

Сонымен қатар жиынға қатысушылар медициналық ұйымдарды жабдықтармен және техникамен жарақтандыру саласында жұмыс істейтін кәсіпорынды сенімгерлік басқарудан Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына беру, сондай-ақ бұрын мемлекет меншігіне қайтарылған теміржол кірме жолдарын пайдалану мәселелерін талқыл

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу