Үкіметте көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа тетіктері талқыланды

554

Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысында көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа тетіктерін енгізу мәселелері қаралды

Үкіметте көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа тетіктері талқыланды Фото: kp.kz

Талқылау барысында Кеңес мүшелері тұрғындарға сапалы әрі ашық қызметтер көрсету мақсатында КПТ басқарудың қосымша тетіктерін қарастыратын заңнамалық түзетулердің жаңа пакетін әзірлеу бойынша ұсыныстарды қарады және қолдады.

Айта кету керек, бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 19 сәуірінде өткен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте мәлімдеген болатын.

Отырыста жергілікті атқарушы органдардың кезекте тұрғандар үшін кешенді құрылыс жобаларын қаржыландыру мәселелері де талқыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу