Үкіметте Маңғыстау облысының дамуы талқыланды

173

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі Жобалық кеңсенің алғашқы отырысын өткізді. 

Үкіметте Маңғыстау облысының дамуы талқыланды Фото: primeminister.kz

Оған өңір әкімдігінің, сондай-ақ ұлттық экономика, қаржы, сыртқы істер, ішкі істер, өнеркәсіп және құрылыс, көлік, ауыл шаруашылығы, сауда және интеграция, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің басшылығы қатысты, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қатысушылар жұмыстың басым бағыттарын айқындады. Олар – еңбек көші-қонын реттеу, жұмыссыздықты азайту, отандық бизнесті қолдау және инвесторлар үшін қолайлы жағдай қалыптастыру. "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағындағы инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыланды.

Аквашаруашылықты дамыту әлеуетіне ерекше назар аударылды. Саланы кеңінен дамыту мақсатында жобаларды несиелеу тетіктеріне, соның ішінде мамандандырылған теңіз техникасын сатып алуға қатысты өзгерістер енгізу ұсынылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу