Үкіметте медициналық ұйымдарды жабдықтармен жарақтандыратын кәсіпорынды мемлекет меншігіне қайтару мәселесі талқыланды

389

Бұл отандық медициналық мекемелерді жаңғырту процесін жеделдетуге мүмкіндік береді.

Үкіметте медициналық ұйымдарды жабдықтармен жарақтандыратын кәсіпорынды мемлекет меншігіне қайтару мәселесі талқыланды Фото: Үкімет

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар, Бас прокуратура, ҚМА, БҚДА және басқа да ведомстволар басшыларының қатысуымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Медициналық ұйымдарды жабдықтармен және техникамен жарақтандыру саласында жұмыс істейтін бұрын сенімгерлік басқаруға берілген кәсіпорынды мемлекет меншігіне қайтару мәселесі талқыланды.

Жүргізілген тексеру нәтижесінде қазіргі уақытта компания мақсатты пайдаланылмай отырғаны, оның қазіргі жұмысы құрылтай құжаттарында жазылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес келмейтіні анықталды.

Премьер-Министр кәсіпорынды Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына қайтару процесін жеделдету қажеттігін атап өтті, өйткені бұл отандық медициналық мекемелерді жаңғырту процесін жеделдетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар отырыста Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысының жылу көздерін газбен жабдықтау мәселелері, сондай-ақ сертификаттау бойынша қызмет көрсету нарығына монополияға қарсы тергеу жүргізу қорытындылары қаралды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу